«Біз – бір елдің ұрпағымыз» атты мерекелік іс-шара.

30.04.2026

Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз – бір елдің ұрпағымыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен келісімнің маңызын түсіндіру, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын насихаттау. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ән айтып, би билеп, көріністер қойды. Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастырып, бірлік пен татулықтың қадірін терең түсінуге мүмкіндік берді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено