"ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ" ДЕРЕКТІ - КӨРКЕМ ДРАМА

20.10.2023

Бүгін, 2023 жылдың 19 қазан күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің оқушылары елордаға гастрольдік сапармен келген Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының "Ұлтқа қызмет" деректі-көркем драмасын тамашалады. Ұлт зиялыларының тар жылдарда азап кешкен ауыр тағдырынан, қазаққа жасаған қызметінен мағлұмат беретін қойылым Алаш ардақ­­тысы Әлихан Бөкей­хановтың «Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден» деген мазмұны терең сөзімен қорытындыланды. Деректі-көркем драманы тамашалаған балалар елге қызмет етуде қажыр-қайрат танытып, өр рухты болып, еңбек ету керек деген ойын айтып, "ұлт зиялыларының өмірі - біз секілді жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге" деді.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено