ҚР Тәуелсіздік күніне арналған  «64» және «100» шаршылы Дойбыдан Республикалық Фестиваль болып өтті

02.12.2022

02.12.22 аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерлер мен әйелдер арасында «64» және «100» шаршылы Дойбыдан Республикалық Фестиваль болып өтті. Аталған жарыс Астана қаласының  дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен және ұйымдастыруымен «Қазақстан»  жеңіл атлетика спорт кешенінде жоғарғы деңгейде өтті.   

Спортшылар төмендегі дойбы түрлері бойынша сынға түсті:

- «64» шаршылы дойбы (ерлер және әйелдер)

- «100» шаршылы дойбы (ерлер және әйелдер)

Шаршы тақтадағы ақыл-ой бәсекесі блиц (жылдам ойын) номинациясы бойынша швейцариялық жүйеде өте тартысты өтті.

Еліміздің түпкір-түкпірінен ұзын-саны 40қа жуық спортшы қатысып бақ сынасты.

Мектебіміздің және Астана қаласының атынан келесі оқушылар мен мұғалімдер аталған жарысқа белсене қатысып жүлдегер атанды:

 
Жүлдегерлер

 Әйелдер арасында

САЙЛАУ ӘМИНА – 3 ОРЫН қола жүлдегері, 9 «А» сынып оқушысы

 

Ерлер арасында

ИСАЕВ СЕРЖАН - 3 ОРЫН жүлдегері, Шахмат үйірмесінің жетекшісі

Жүлдегерлер медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жүлдегерлерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 




 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено