Құттықтаймыз!
03.12.2022Бүгін «Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының II-ші (қалалық) кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден Өлкетану секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Кеңесбай Думан, Техника секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Боларбек Нұрбек және қазақ әдебиеті секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Қуанышева Гүлім 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімдері: Иманүсенов Н., Мерәлі Н, Абуева А. Келесі кезеңге өткен шәкірттерімізге толағай табыс пен сәттілік тілейміз.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
