Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша дәріс өткізілді

02.12.2022

Астана қаласы Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Жалбыров Жанболат Турсынбаевич оқушылармен су айдындарында қауіпсіздік қағидалары бойынша дәріс өткізіп, практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Қауіпсіз мұздың қалыңдығы 12 см болып есептеледі.
- жалғыз жаяу жүргінші үшін 10-12 см;
- бір топ адамдар үшін 15-20 см;
- мұз айдынын жасау және шанада сырғанауды ұйымдастыру үшін 25 см.
Сондай-ақ мектеп ұжымына, оқушыларға мұз бетін қалың қар жапқанда ерекше сақ болу керектігін және де келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында отшашулар, жарылғыш заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Сонымен қатар мектебіміздің АӘД пән мұғалімі Елеупаев Коптилек Каукербекович оқушылармен су айдындарда немесе мұз жарылған кезде қандай іс-әрекет жасау керектігін практика түрінде көрсетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено