Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау

21.09.2022

2022-2023 оқу жылының 21 қыркүйегінде №7 мектеп-гимназиясында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Мектеп президентінің лауазымына 17 кандидат – 8-11 сынып оқушылары үміткер болып тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты.
Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді.
Нәтижесінде 10 «Ә» сынып оқушысы Аманжан Марғұлан Дәуленұлы сайлаушылардың 78% дауы­сын жинап, кандидаттардың арасынан көшбасшы атанды. Құтты болсын дейміз!
Сайлау процесін мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагынбаева Дидар Оралбекқызы, аға тәлімгер Абдыкалыкова Ақжарқын Наушабекқызы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено