Сан саналы ғалым Ахмет Байтұрсынов"

21.09.2022

Бүгін, тілдер он күндігінің аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 11 сыныптар арасында "Сан саналы ғалым Ахмет Байтұрсынов" тақырыбында ғылыми - танымдық конференция өтті.
- А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру; тіл мен әдебиет, педагогика, публицистика, т.б. көптеген салаларда А.Байтұрсынұлы салған ғылыми негіздерді көрсету;
- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін үлгі ете отырып, қазақстандық жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
1. А. Байтұрсынов – қоғам қайраткері.
2. А.Байтұрсынов – ғалым-лингвист.
3. А.Байтұрсынов – ағартушы-педагог.
4. А.Байтұрсынов – публицист.
5. А.Байтұрсынов – аудармашы.
6. А.Байтұрсынов – ақын.
11 сынып оқушылары жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша белсене қатысып, білімдерін толықтырды.
Оқушыларды дайындап, іс - шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Г.Абдикадырова, Ш.Атантаева, А.Пазилова.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено