"Тәтті" жазғы лагері 3-күн
03.06.2022«Тәтті » жазғы лагерінің балалары 3-маусымда спорт алаңында жиналып таңғы жаттығуды музыкалық әуенмен бастады. Балалар рапорттарын өте белсенді тапсырды. Жоспар бойынша «Рәміздер күні» тақырыбында сап түзеу өтті. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – барлық республика азаматтарының парызы екені саптық жиында айтылды. 9-топқа «Рәміздер күні 30 жыл » тақырыбында ұйымдастырылатын тапсырмалар берілді.Олар сыныпта сөзжұмбақ, ребустар шешу ойын- викторина арқылы жалғастырып тапсырмаларды орындады.
Тіл үйірмелері күнделікті өтіп жатыр. «Ағылшынша сөйлейік!», «Қазақ тілім –құтты білім!» үйірмелері жүргізілді. Оқушылар сурет салып , ағылшынша ойындар ойнады. Қазаша ертегілер тыңдады.
«Рәміздер күні » 30 жылдығына орай балалар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат жасады. Ол Тәуелсіздік алаңында орналасқан. Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 шаршы метр жерді алып жатыр, ол жеті блоктан тұрады. 14 залды алып жатыр. Ұлттық музейінде бірнеше зал бар:Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы. Сондай-ақ балалар музейіне, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, қалпына келтіру шеберханасына, зертханаларға, кәсіби қор сақтауға, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, мәжіліс залы мен кәдесый дүңгіршектеріне арналған үй-жайлар көрсетілген. Музейдегі бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі елорданың макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер балаларға өте ұнады. Бүгінгі күн ерекше әсерлі өтті.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено