"Тәтті" жазғы лагерінің ашылуы

01.06.2022

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп- гимназиясының мектеп жанынан ашылған «Тәтті» жазғы лагерінің ашылу салтанатына арналған жиынға анықтама
 
Мектеп жанындағы «Тәтті » жазғы лагері оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Лагерьдің ашылу салтанаты 1-маусым балалар күнімен сәйкес келді. «Бала біздің болашағымыз» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға барлық топтар белсенді қатысты. Жиын дауыстап айту ойындарынан басталды.Балалар ән , би орындауларының арасында ойындар ойнап ,секіріп белсенді қатысты.
1топ Күншуақ тобына «Балалық шағымның көңілді әлемі», «Этот разноцветный мир детства» тақырыбында ойын викторина ұйымдастырылды.
2-топ Жұлдыз және Непоседы тобына « Әрқашан күн сөнбесін!», «Детям-радость , детям- солнце, детям- мир и красота!» игі істер күнін ұйымдастырды. Шаттық шеңбері арқылы бір – біріне жылы сөздер айтып, тілек айтылды, ойындар өткізілді.
3-топ Ботақан тобына «Сәулелі күн бізде қонақта!», «Солнышко лучистое в гости к нам пришло!»атты мерекелік шара өтті.
4-7 топ Балбала мен Улыбка тобына «Ашық аспан астында сурет салу көрмесі», « Конкурс рисунков на асфальте» далада сурет салу көрмесі өтті.
5 – топ Балдәурен тобына «Көңілді старт», «День веселых затей» квест –ойын ұйымдастырылды. Кіші спорт залында жарыс ойындары өтті.
6-топ Барбарики тобына «Кітап еліне саяхат», «Мир начинается с детства» книгопоказ.
9- топ Ромашка тобына «Ғажайып балалар әлемі», «Волшебный мир детства» ертегі тамашалады.
Балалар өте белсенді қатысып, бекеттерге тоқтап тапсырмалар алып орындады. Бекеттер ойынын аяқтаған соң, бір- біріне тілектерін айтып, көңілді тарқасты.
Жазғы мектеп жанындағы «Тәтті» лагерінің алғашқы жұмыс күні жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено