Жазғы лагерь 2022
01.06.2022№ 15 мектеп-лицей жанындағы "Күншуақ" күндізгі тынығу лагерінің ашылу салтанаты ерекше болып өтті. Лагердің бірінші күн тәртібі бойынша тәрбиешілер мен тәлімгер келген оқушыларды қарсы алумен басталды және оқушылар топ – топтарға бөлініп топ жетекшілері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін таныстырып видео ролик көрсетілді. Топтарды жинай отырып 20 минуттық дене жаттығулары жүргізілді. «Куншуақ» лагерінің ішкі құралған топтармен танысу үшін Мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ашылуында лагер басшысы Жанар Сансызбаевна балаларды бүгінгі мерекемен құттықтап, оқушыларға лагерде көтеріңкі көңіл күймен демалуына өз тілегін білдірді. Әр топ өз топтарының аты мен ұрандарын айтып топ лидері алға адым аттап лагер басшысына ант тапсырды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, балалар тамаша көңіл күймен мерекелік күнді көңілді өткізді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
