“Балалар жылы” аясында 8 “А” және 7 “Г” сыныптарының біріккен “Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран” атты тәрбие сағаты өтті.
10.05.2022Бүгін мектебіміздің кітапханасында “Балалар жылы” аясында 8 “А” және 7 “Г” сыныптарының біріккен “Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа халық қаһармандарын дәріптеу, ол кісілерді құрметтеуге тәрбиелеу. Халық қаһармандары жайлы кітаптарды оқуға баулу.
Сабақ барысында халық қаһармандарының ерліктері жайлы айтылды, оқушылар өздері білетін батырлар жайлы баяндады. Ерлікпен қаза тапқан батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Оқушылар халық қаһармандары жайлы оқыған кітаптарымен бөлісті. Кітапханашы Шаймерденова Вера Абатовна “Оқуға құштар мектеп” жобасы негізінде оқушыларды батырлар жайлы жазылған көркем әдебиеттермен таныстырып, оқуға шақырды. Сондықтан қаһарман батырларымызды қадірлей білейік, жас ұрпақ!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
