Жарайсың, Гүлім!

18.04.2022

"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың 16 сәуір күні 8 - 11 сынып оқушыларына арналған І қалалық "Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы" ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Жобалар байқауына А. Байтұрсынұлы атындағы # 48 мектеп-лицей 10В сынып оқушысы Куанышева Гүлім қатысып, "Қ. И. Сәтбаевтың әдебиет пен өнерге қосқан үлестері" тақырыбындағы жұмысы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Абуева Айзада Газизовна.
Гүлімді толағай табысымен құттықтап, талай асулардан асып, белестерді бағындыратынына сеніміміз мол!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено