Дойбыдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты болып өтті
01.04.2022Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің және «Қазақстан Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспары бойынша «64» шаршылы дойбыдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс 20-31 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтті.
Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша бақ сынасты:
- 2006-2008 т.ж (қыздар, ұлдар)
- 2009-2011 т.ж (қыздар, ұлдар)
- 2012-2013 т.ж (қыздар, ұлдар)
- 2014 т.ж және одан төмен (қыздар, ұлдар)
Ақыл-ой бәсекесі шапшаң (блиц), белсенді (рапид) және классика номинациялары бойынша швейцариялық және айналмалы жүйеде өтті.
Еліміздің түпкір-түпкірінен 152 спортшы және 11 құрама команда қатысып бақ сынасты.
Мектебіміздің атынан және елордалық құрама командасы атынан 4 «В» сынып оқушысы Жұмабек Мадина мен 2 «А» сынып оқушысы Жұмабек Малика аталған жарысқа белсенді қатысып арнайы сертификаттармен марапатталды және мол тәжірибе алды.
Сонымен қатар, 2014 және одан төменгі жас категориясы бойынша спортшыларға шахмат үйірмесінің жетекшісі Сержан Исаев төрешілік қызмет атқарды.
Мектеп басшылығы мен мектеп ұжымына қолдау көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласының дойбы федерациясы шексіз алғыс білдіреді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено