Сынып жетекшілік:сынып мәселелері және бірлескен шешімдер
29.03.2022Сынып жетекшілік: сынып мәселелері және бірлескен шешімдер
⠀
2022 жылғы 29 наурыз күні кезекті педагогикалық кеңес отырысы болып өтті. Мақсаты - оқушыларды қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау. Мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева күн тәртібінде келесі мәселелерді атап өтті:
№ 3 педагогикалық кеңес қаулысының орындалу нәтижесі;
Сынып жетекшілік: сынып мәселелері және бірлескен шешімдер (лауазымдық нұсқаулық, үштік одақ қарым-қатынасы) туралы;
Оқушылардың 3-тоқсандағы білім сапасының салыстырмалы мониторингі;
Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы.
⠀
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығына сараптама жасалды. Оқушылардың оқу үлгерімдері мен білім сапасы. Ондағы олқылықтар мен жетістіктері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова, Л. Сарсембекова баяндады.
⠀
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова үштік одақ (мектеп, ата-ана, оқушы) арасындағы қарым қатынастың, оның ішінде ішкі тыныштық, сүйіспеншілік пен ақиқат, дұрыс әрекеттің дұрыс нәтижеге қол жеткізетіндігін атап өтті.
⠀
Оқушы үні, кибербуллинг, сынып жетекшінің лауазымдық нұсқаулығы мен біліктілігі туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев айтып, ситуациялық сұрақтар, топтық ойындар ұйымдастырды. Кеңеске қатысқан барлық ұжым қамтылып, белсене араласа өз пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісті.
⠀
Оқушы мүддесіне бағытталған жұмыстар оқу жылының соңғы тоқсанында тиянақталып, нақты жетістіктерге қол жеткізу көзделуде.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
