Айтыскер ақын, жыршы, термеші- Еркебұлан Қайназаров Әбілханұлы және оның шәкірттерімен кездесу
23.02.2022
Іс-шарамыздың мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа, өнерге, шығармашылыққа тәрбиелеу. Айтыс өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Кеште ақындар күй тартып, терме орындады. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп сұхбат құрды. Жас ақындар аяқ -асты айтыс жасап көрерменнің көңілің көтерді.Мектептің оқушыларынан құралған ансамбль күй тартып өнерлерін көрсетті. Мектептің оқушылары ғана емес, ұстаздары да рухани кештің көрермені болып ақындардың өнеріне ризашылықтарын білдірді. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәруа апай ақынға арнаған жүрекжарды өлеңін оқып тілегін жеткізді. Кештің соңында мектебіміздің оқу-ісі жөніңдегі орынбасары Жанат Егінбайқызы Еркебұлан Қайназар мен мектебіміздің ұстазы Тоба Өтепбайға айтыс жасауға қолқа салып бір-бір қайырып кешті қорытындылады. Шақыртуымызды қабыл алып, қазақтың саф өнері айтысты дәріптеп, ең қиын өнердің жалауын желбіретіп жүрген Еркебұлан Қайназарға және ол кісінің шәкірттеріне мектептің атынан алғыс айтамыз! Аламан айтыстың көркін қыздырып, ел алғысына бөленіп жүре беріңіздер!

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено