Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

1 наурыз күні-Алғыс айту күні

1 наурыз күні - Алғыс айту күні №15 мектеп-лицейінде 1 наурыз күні - Алғыс айту күнін атап өтті. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды. 1 наурыз күні мектебімізде «Рақмет саған Отаным», «Рақмет Сізге ата-ана!», «Рақмет сізге мұғалім», «Жанашыр жанға мың алғыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар мұғалімдеріне, ата-аналарына, құрбы-құрдастарына, бауырларына алғыстарын білдіріп, алғыс тілектер мен видеороликтер жасады. Тілектер жазылған открытка мен плакаттар жасады.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь