"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" тақырыбында ісшара
01.12.2021М.Мақатаев атындағы 74 мектеп-гимназиясында 1 желтоқсан Қазақстан Респуликасының тұңғыш Президенті күніне орай "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен концерттік ісшара өтті. Мақсаты жас ұрпақты мемлекетіміздің тәуелсіздік жолында кешкен тарихымен, Елбасының еліміздің өркендеуіне қосқан үлесімен таныстырып, насихаттау. "Қандай да бір қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да, қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін! Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ! Көңілімнің төрінде тұратыны туған халқым!" деп тұңғыш президентіміз айтқандай, оқушылардың бойына да туған жерін, елін, халқын құрметтеуде ұлтжандылық қасиетті сіңіру. Бүгінгі ісшарадан әрбір оқушы рухани байлық алды деген сенімдеміз.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
