Зерде ғылыми зерттеу жұмысын жазу талаптары
11.02.20222.Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) ұйымдастырады.
3.Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
4.Конкурстың басты міндеттері:
- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;
-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау;
- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
2. Конкурстың қатысушылары
5. Конкурсқа жас зерттеушілер – 1-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).
3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
6. Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең – аудандық/қалалық (қыркүйек айының III он күндігінде).
- екінші кезең – облыстық (қазан айының ІІ - ІІІ онкүндігі);
- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (қаңтардың екінші он күндігінде).
7. Жұмысты қорғаған кезде авторға 10 минут уақыт (7 мин. докладқа, 3 мин. сұраққа) беріледі.
8.Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім қажет.
9. Конкурс жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі:
1 топ - 1-4 - сынып оқушылары;
2 топ - 5-7 - сынып оқушылары
10. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір ауданнан/қаладан 2 үздік жұмыс ұсынылады ( 1- топтан бір жұмыс, 2- топтан бір жұмыс).
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
