МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ҚАЛАЙ КӨРЕМІН?

10.02.2022

МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ
ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ҚАЛАЙ КӨРЕМІН?
     Еліміздегі еңселі оқу ордамыздың бірі - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы  желтоқсан – қаңтар айларында  кәсіптік бағдар беру аясында Қазақстан Республикасы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «Мен Қазақстанды әлемдік аренада қалай көремін?» тақырыбындағы онлайн-эссе байқауын ұйымдастырды.
      Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға, патриоттық сананы қалыптастыруға, халықаралық аренада болып жатқан үдерістерге жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталды. Байқау талабына сәйкес эссе қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.

        Байқау қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының сыртқы тарихын жақсы білгені үшін» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-лицейінің11 сынып оқушысы вьетнам қызы Нгуен Уиен Ту (жетекшісі -  педагог-зерттеуші – Кулькаева Галия Баймуратовна)  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің имидждік кәдесыйымен марапатталды. Осы мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары да «Алғыс хаттармен» марапатталды.

       Мен өз шәкірттеміммен мақтанамын! Олардың келешекте елімізге  қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол.

       «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым - жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.

№1 мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

                                                                                                                                 педагог-зерттеуші  Кулькаева Галия Баймуратовна

11    12    13

14      14    15

17  18  19  21

23  24  111  25






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено