КВИ-ге қарсы ревакцинация алу туралы
Қазақстан Республикасында
халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына
қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы»
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
міндетін атқарушысының
2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушысының 2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 қаулысына (бұдан әрі – БМСД-ның № 49 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- БМСД-ның № 46 қаулысының 1-4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
- КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
- Бұрын КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі.
- КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.
4-1. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады.
4-2. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі.»;
2) БМСД-ның № 46 қаулысының 6-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) растайтын құжаттарды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ХТТ «Вакцинациялау» модуліне шет елдерде КВИ-ге қарсы ревакцинация алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы мәліметтерін енгізуді қамтамасыз етсін».
3) БМСД-ның № 46 қаулысының 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) шетелде КВИ-ге қарсы ревакцинация (III доза) алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы деректерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ХТТ «Вакцинациялау» модуліне медициналық ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етсін.»;
4) БМСД-ның № 46 қаулысының 7-тармағынан кейін мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өңірлер бөлінісінде КВИ-ге қарсы ревакцинация жүргізу туралы жиынтық ақпаратты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес күн сайын келесі күнгі сағат 7.00-ге дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.».
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Посмотреть новость на сайте учреждения
