Елбасы күні
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктірген Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Осы мереке қарсаңында 2021ж 30.11. күні №15 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар сынып сағатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек еңбек жолында атқарған киелі істерімен таныстырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын тұлға екендігін айтылып, Елбасы туралы фильм көрсетілді.
Мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасынады «Бала құқығы- адам құқығы» атты пікір-талас өтті. Дебат ойынына 4 команда қатысты. 8-11 сынып оқушыларыннан құрылған «Аманат», «Болашақ», «Алау», «Алға» командалар сөз тартысқа түсіп, ойыны өте қызықты өтті. Ойын соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
