"Жас Сарбаз - Тәуелсіздік тірегі"

23.11.2021

Бүгін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін насихаттау мен дамытуға бағытталған "Жас Сарбаз - Тәуелсіздік тірегі" жобасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің "Жас Сарбаз" сыныбының оқушылары қатысып, "Егемен Қазақстан" атты әнін орындады. "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің дамуына қосып жатқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасараның алғыс хатымен мектеп директоры Г.Д.Тулеуова марапатталды. "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының алғыс хатымен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі М.Р. Дюсембаев, "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасының алғыс хатымен 9 "Д" сынып оқушысы Манап Ернар мен 9 "Ж" сынып оқушысы Балғожин Нұрғиса марапатталды. Сонымен қатар бүгінгі күннің басты жаңалығы 3 жыл бойы Жас Сарбаз жетекшілерімен атқарылып келе жатқан жұмыстың нәтижесінде мектебіміз "ҮЗДІК ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБ" номинациясымен марапатталды. Осы орайда Жас Сарбаз жетекшілерінің ауыз толтырып айтарлықтай еңбектеріне АЛҒЫС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

      

    

   


  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено