Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
«№22МГ» КММ Тіл мерекесіне орай «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты
өткізілген іс – шаралардың есебі \2021-2022 оқу жылы\
Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын ана тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, келешегін шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жариялады. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.Алайда адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
Шараның мақсаты:
Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге баулу.
Осы мақсатта қазақ тілі пәні мұғалімдері жоспарланған іс-шараларын өткізді.
«Табиғат-тал бесігім» атты суреттер көрмесі1«А» сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
2-сынып оқушылары арасында«Тілім менің-тірлігімнің тірегі»атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырған: Мусина А.Ж.

Ал 3- сыныптар арасында «Тіл- ең қымбат қазына» атты тәрбие сағаты өтті. Сабақта оқушыларға тілдің қадір – қасиет түсіндіріп, ақын – жазушылардың тілге деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысты. Ақын-жазушылардың «Тіл» туралы айтылған нақыл сөздерімен таныстырды.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақын-жазушылардың суреттері,нақыл сөздер.
Ұйымдастырған мұғалім: Нұрқанова Ж.А.

Мектептің қазақ тілінен бастауыш сынып ұстаздары4 -сыныптар арасында «Бір ұлт-бір ел-бір тағдыр» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаттырының бірі- еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің тілдері туралы ақпарат беру, ол тілдерді құрметтеуге және үйренуге, әр тілдің мәртебесі биік екенін түсіндіру.Іс –шараға мектебіміздің 4-сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты онлайн және оффлайн түрінде өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар тілдер туралы ақпарат алып, өлеңдер тыңдап , және өздері де өздерінің ана тілінде өлеңдер оқыды.Қазақстанда әр түрлі ұлттар тұрады, бірақ бәріміздің ана тіліміз басқа болғынымен, мемлекеттік тіліміз бір, тағдырымыз бір, еліміз бір екені нақты белгіленді. Бәріміз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Оның дәлелі осы іс – шара екенін оқушылар үшін анық болды.
Бесінші сыныптарда « Тілге - құрмет, елге – құрмет »атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеу туралы, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауызекі сөйлеуге баулу.

6- сыныптарда «Мен қазақ тілін білемін»атты сайыс сабағы болды. Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
6 -сыныптарда «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
7 -сыныптарда «Айналдым құдіретіңнен, қазақ тілім» (бейнеконференция өтті). Мақсаты: Тіл туралы тақырыпты ала отырып , сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білу, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
№22 мектеп-гимназиясында Тілдер мерекесіне орай 6-24 қыркүйек аралығында өткізілген іс -шаралар жоспарына сәйкес 8-сыныптар арасында «Тіл- ең асыл құндылық» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізді. Мақсаты: жас ұрпақты ана тілінің қадір- қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына,тіліне деген махаббатын арттыру. Оқушылар тілге деген сүйіспеншіліктерін ән мен жырмен жеткізді.
«Жүзден жүйрік»зияткерлік сайыс барысында әртүрлі тапсырмаларды орындады. Оқушылар белсенді ойнап, қазақ тілінде өз ойларын толық айтты:
-Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде, біз де осы мектеп қабырғасында жүріп мемлекеттік тілді үйреніп жүрміз.
Өздерінің өнерлерімен, білімдерімен жеңіске жетті.
«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» атты қабырға газеттері конкурсына да 8-сынып оқушылары белсенді қатысты.

Тәрбие сағатын өткізген қазақ тілі пәні мұғалімдері: Макаева Б.И. ,Жұмаділова Г.Қ.
9- сынып оқушылары «Сөз маржаны» атты сабағында тіл туралы қанатты сөздер, даналардың айтқан сөздерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды.
10 сынып оқушылары «Тіл туралы мақал-мәтелдер»атты сайыс сабағын өткізді.
Мұғалімдер Базарова Г.С, Кизатулина Г.А. ұйымдастыруымен 10 -сынып оқушылары арасында «Сөз мәйегі-мақал-мәтел» атты сайыс өтті. Сайыс барысында мақал-мәтелдер туралы ақпарат берілді, оқушылар тіл, білім туралы мақал – мәтелдерді жатқа айтып жарысты. Әрбір оқушы білетінін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Келесі кезең жұмбақ жарысына ауысып, оқушылар жасырылған жұмбақтың жауабын шешіп, өздерінің тапқырлықтарын таныта білді және де жауабын үш тілде айтып берді. Жеңіске қол жеткізгендер марапатталды.
"Тілім менің тірлігімнің айғағы" Тілдер күніне арналған зияткерлік ойын /11- сынып/
Мақсаты: Тілдің қасиетін сезінуге, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету,танымдық қабілеттерін арттыру.
Іс-шаралардың барлығы уақытында өтіп, қызықты өткізілді,қойылған мақсатына жетті.
Қазақ тілінің ӘБ жетекшісі: М.Нурова
Посмотреть новость на сайте учреждения
