Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Ұлт ұстазы, ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі , түркітанушы, ақын, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған іс-шаралар өткізілді

2021 жылдың   6 қыркүйегі  күні    №15 мектеп – лицейінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  4-11 сынып оқушылары  арасында   тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым,  ақын, публицист, педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған  және Қазақстан халқы тілдері күніне арналған  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

      Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі  Қазбекова А.Х.  11 «в» сыныбында тақырыпқа сай безендірілген сыныпта  «Тіл білімінің атасы»  атты тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты 4 бөлімнен тұрды:
І бөлім. Ахмет Байтұрсынов - ағартушы.
ІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынов – ғалым.
ІІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынов - ақын, аудармашы.
ІҮ бөлім. Ахмет Байтұрсынов - көсемсөзші.

        Оқушылар А. Байтұрсыновтың ақындығына, ағартушылығына, публицистикадағы орнына, аудармашылығына  шолу жасады, мысалдары туралы  және өлеңдерін жатқа айтты. Ахмет Байтұрсынов туралы бейнебаян көрсетілді.Алмагүл Хамзеқызы қорытынды жасап,Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен тәрбие сағатын аяқтады.Оқушылар тәрбие сағатында  белсенділік танытып, білімдерін көрсете білді.

     Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі  Әсемова Р.С. 11 «Б» сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы тағлымы» атты конференция-сабақ өткізді.

     Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі  Қайдарова Ж.С.  5 «А» сыныбында   А.Байтұрсынұлының өлең аудармаларын көркем оқу кешін өткізді, балалар өздері дайындаған ақынның мысал өлеңдері мен аудармаларын мәнерлеп оқыды.

Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімдері  Ахметова А.С., Құсайынова С.М. 4-сыныптар арасында «Жас Ахметтанушылар» атты Ахмет Байтұрсынұлына арналған әдеби кеш өткізді.

Іс-шара мақсаты - А.Байтұрсынов шығармашылығымен таныса отырып, өлеңдері мен мысал, аудармаларын көркем оқу. Балаларды  қазақ тілін үйренуге тарту, қызықтыру.

Ұлттың ұстазы, ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа байланысты ұйымдастырылған шараға балалар аса ұйымшылдықпен қатысты. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік әр оқушының бойынан көрініс берді. Ең бастысы ұлттық құндылықтарды бойларына дарытатын ұрпақ екендіктерін көрсетті.

Ақын өлеңдері мен мысалдарын көркем оқып, шығармашылығымен танысты. Барлық белсенділік танытқан оқушыларымызға алғысымыз шексіз. Болашақ ұрпағымыз ұлтымыз бен тіліміздің мәртебесін көтере берсін!

       Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Дауетаева Г.А.,Жетпісова Ш.Ш., Дулатбай К .К. 5-7 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты мерекелік  кеш ұйымдастырды.

       Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аубакирова Г.Т. , Абулкаирова С.Е. 8-9  сыныптар арасында  «Дәуірдің жарық жұлдызы» тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты- Ақын өмірі  мен  шығармашылығын оқушыларға үлгі ете отырып, өз тілін,елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

       Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дүйсенова Ж.Қ. 5 «Ә» сынып оқушыларымен «А.Байтұрсынов -мысалшы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында А.Байтұрсынұлының  мысал  өлеңдері  талданды. Оқушылар ақынның мысал өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерде кездесетін адами құндылықтарды, қоғамға  қажетті адами қасиеттер жайлы өз ойларын орта салды.



         


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь