Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
01.09.2021Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, жазғы қызықты да қуанышты демалыстан келген оқушылар, оқу жылын жаңаша күш-жігермен бастағалы тұрған ұстаздар және ата-аналар.
1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін.
Қымбатты ата-аналар, бүгін Сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбасыларының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайтын болады.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
