«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

25.05.2021

           25 мамыр күні  №15 мектеп-лицейінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты түлектерге арналған салтанатты жиын өтті.

 Лицейдің табалдырығынан үлкен өмірге 72 түлек жолдама алды: 72 арман, 72 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!

   Биыл мектеп бітіру жиыны  Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерей тойымен сәйкес келуде. Жас та болса әлемге танылып күннен - күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты, сіздер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс - жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы, баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығарады деген сенімдеміз.

  25 мамыр -ерекше мағынасы мен мәні бар салтанатты күн. Әр саптүзеуде мектеп директоры Б.Жаркеновтің жас түлектерге шын жүректен сәттілік тіледі,  Қамқорлық кеңесінің мүшелері А. Хамидолла, А. Кунияровтар және ата-аналар атыннан Т.Ускенбаев, Ж.Балғожиналар түлектерге ақ жол тілеп, өз лебіздерін білдірді.


    Түлектер атыннан «Алтын» белгіге үміткерлер мен «Үздік» аттестат үміткерлері Ұ. Әкімжанова, А.Ускенбаева А, Б.Берикханов, А.Бараков, Д.Елеуова, А.Амангелді, Д.Мейрамбекова, Д.Рахимбай, Е.Игнатьева  өздерінің жылы лебіздерін ұстаздары мен сыныптастарына және тәрбиелеп өсірген ата-аналарына білдірді. Тілек соңында жас түлектеріміз қоштасу әндерін айтты және де осы түлектерімізге соңғы қоңырау соғу мәртебесі берілді. 
  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено