Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде 13 мамыр күні 9, 11 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы ZOOM платформасында онлайн режимде сағат 15.00-де 11 сыныптар үшін, 16.00- де 9 сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілді.

14.05.2021

Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде 13 мамыр күні 9, 11  сынып   білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы ZOOM платформасында онлайн режимде сағат 15.00-де 11 сыныптар үшін, 16.00- де 9 сыныптардың ата-аналарына  жиналыс өткізілді.  Жиналысты мектеп директоры Бану Әлімжанқызы Баймұратова жүргізді.  Жалпы, ата-аналарға қорытынды аттестаттаудың ережесін  түсіндіріп, соңғы қоңырау мерекесі мен  аттестат тапсыру рәсімдерінің өтетін күндерін, өткізілу талаптарын  айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.  Мұғалімдерге сыйлық беруге, дастархан ұйымдастыруға, қаладағы мейрамханаларда тойлауға тыйым салынатындығын түсіндіріп, санитарлық талаптарды орындауға жауапкершілікпен қарау керек екендігі айтылды. Ата-аналар осындай түсіндірме жұмыстың өткізілгендігіне алғыстарын білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено