Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«ЭкоАсар» аясындағы қалалық эко жобамыз: Фандомат

◼️ Қоқысты пайдаға асыр! Иә, дәл осындай ұранмен Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 мектеп оқушылары ЭкоАсар жобасы аясында қоқысты өңдейтін отандық фондоматтың макетін жасап шығаруда.

“Green Patrol” белсенділері түсірілім тобы мектепке барып, оқушылардың пайдалы істің қалай жүзеге асырып жатқандығын өз көзімен көрді.

♻️Қоқысты сұрыптауға арналған фондоматты пайдалану үшін арнайы дисконт карта ұяшыққа салып, жарық жанғанша күту керек. Картада бірегей код сақталады, ол арқылы карта иесін анықтауға болады. Баланс арнайы серверде сақталады.

🔺Пайдаланушы қоқысты(пластик, қағаз) арнайы өзіндік бөлікке тастаған кезде ол төменгі саңылауға түседі, қоқыстың әр түрі үшін жеке бөлік бар, ол жерде фандомат салмақтың өзгеруін тіркейді және тасталған салмақ туралы ақпаратты серверге жібереді. Сервер жауап ретінде пайдаланушыға есептелген теңгерімді жібереді.

◼️Қоқысты сұрыптап, пайдаға асыру арқылы біз экологиямызды сақтап қаламыз. Алдағы уақытта осындай жобалар көп болатынына сенеміз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь