№58 мектеп-гимназиясында экологиялық тазалық күні
21.04.2021Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №58 мектеп-гимназиясында экологиялық тазалық күніне орай 17 сәуір күні оқушыларымыздың аяулы әкелері мен отбасында асқар таудай әке , білім ордасында үлгі тұтар ұстаз бола білген ер азаматтарымыздың қатысуымен Нұр –Сұлтан қаласының Білім басқармасы елордалық әкелер кеңесінің «Таза weekend» жобасы аясында сенбілік акция өтті.Акция барысында мектеп аумағын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіліп , қоршаған ортаны қорғау мақсатында оқушыларымыз әкелерімен бірге видео үндеу жолдады. Игі іс-шараны ұйымдастырудағы ең басты мақсат- басты байлығымыз табиғатты таза ұстауға атсалысу , барша қазақстандықтарды осындай бастамаларға белсенді қатысуға шақыру.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
