№48 мектеп-лицейдің ер азаматтары ұжымы 16 сәуір күні сенбілікке шықты.

17.04.2021

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің ер азаматтары ұжымы 16 сәуір күні сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, мектеп ұжымы мектеп ауласында көктемгі ағаштардың түбін қопарып, жер аудару сынды жұмыстарын жүргізді. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді мектеп қызметкерлері. – Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Атсалысқан барша ер мұғалімдерге алғыс білдіреміз!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено