Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Мектеп фойесі ұлттық нақышта безендірілді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Біздің мектебіміздің кіреберісінде ерекше ұлттық көріністі көре аласыздар✨ Мереке құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні. Қытымыр аяз бен қара суықтың орнына көктемгі жайма-шуақ ауа райы орнап, мыңдаған шақырымды еңсерген құстар аяулы ұяларына қайтып оралатын, тіршілік атаулы жанданып, мұз құрсауында қалған өзен-көлдер еріп, қуаттана түсетін осынау берекелі маусым - түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы - Наурыз мейрамы.
Наурыз мерекесі. «Наурыз» – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз» (А.Байтұрсынов). Қазақ халқы аса кадірлейтін бұл күн, яғни 22-наурыз бүкіл Шығыс халықтарының ежелгі бас мерекесі.

Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. «Наурыз – табиғаттың мейрамы» (С.Қожанов). Демек, бұл осы мерекені тойлайтын халықтар үшін аса зор салтанат, ұлы жиын. Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары бұл күнді «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те дәріптейді. Наурыз – қазақта бірінші айдың аты. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын мол жаяды. «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын!» деген сияқты тілектер айтылады. Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-жырға жалғасады

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь