Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Елбасы медалі»

     12 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент қоры мен Елбасы академиясының ұйымдастыруымен өткен “Елбасы медалі” жобасының қола деңгей жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Жүсіп Аида Амантайқызы қатысып, «Елбасы медалімен» марапатталды.

     «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

    Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь