«Мектепке дейінгі ұйымда және бастауыш сыныптарда көптілділік білім беруде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігі»атты қалалық вебинар өткізілді.
«Нұркен Әбдіров атындағы №33 «балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде «Білім беруді жаңғырту орталығының»қолдауымен көптілділікке тәрбиелеу мен оқыту негізінде құрылған эксперименталды алаң жұмысын қорытындылау мақсатында«Мектепке дейінгі ұйымда және бастауыш сыныптарда көптілділік білім беруде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігі»атты қалалық вебинар өткізілді. Эксперименттің табысты аяқталуының қорытындысы бойынша және тәжірибелік эксперименталдық жұмыстардың мақсаттарына жету жолында педагогтардың жетекшілігімен бүлдіршіндеріміз бен оқушыларымыз көптеген қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға ат салысып, жүлделі орындардан көрініп, марапатқа ие болып жүр. Вебинарда балабақша бүлдіршіндері ертегі кейіпкерлерін сомдай отырып, сахналық қойылым көрсетіп, 4 сынып оқушылары француз тілінде ән салды. Француз тілі мұғалімі Шакетова Қ.У. «Ақбота» мектепалды тобы тәрбиеленушілерімен «Француз тілінде не білеміз?» атты шебер-сыныбы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Орыс тілі пәнінің мұғалімі Молдахметова С.С. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Калиаскарова Г.Б. «Kazakh traditions and costums» тақырыбында «Тілді үйрену, әлем есігін ашу» (ағылшын және орыс тілдерінде ) 4 сыныппен кіріктірілген сабақ өткізілді.Осындай білікті педагогтарымызға сәттілік тілей отырып, жаңашыл жаңалықтарымен қуанта берсін дегіміз келеді
Посмотреть новость на сайте учреждения
