ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ

25.01.2021

Нұр -Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 78 мектеп - гимназия" КММ

ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРЫҚ

1938 жылы 25 ақпан күні – мемлекет және қоғам қайраткері -С.Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Сүлеймен Есқараев, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Сейтқали Меңдешов, Ғаббас Тоғжанов, Ізмұқан Құрамысов, Жанайдар Сәдуақасов, Қайсар Тәшитов қатарлы 39 адам;
26 ақпан күні – Оразғали Бураев, Қапан Мұхаметжанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Мұқаш Орынбаев, Сұлтан Есқалиев, қатарлы 37 адам КСРО Жоғарғы сотының Москвадан келген өкілі – дивизиялық әскери заңгер А. Д. Горячевтің төрағалық етуімен өткен Әскери коллегиялық сотының үкімі бойынша ату жазасына кесілді.
Бұл тарихымыздағы ұлттық жоғалту. Бүгінгі Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете тану үшін де өткен тарихымыздың сарғайған беттерін жиі ашып отыруымыз керек.
Осы күнге орай Нұр-Сұлтан қаласы № 78 мектеп - гимназиясы «Ұлт жадындағы жаңғырық» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізді. Кешке Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, «Алжир» мемориалды - мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі Қыдырбаева Назерке Кеулімжайқызы және мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кеш барысында қонақтарға сұрақтар қойылып, сол заманның ауыр зардабы тілге тиек болды.


          



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено