Lesson Study жобасының сапасын арттырудың тиімді жолдары

24.02.2021

2021 жылдың 20 ақпанында «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде»  «Lesson Study жобасының сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында  вебинары өтті. Аталмыш іс-шараны модераторлар- директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары, координартор А.Кульжанова, Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебінің  биология пәні мұғалімі, педагог-модератор, координатор Л.Аянасова, директордың инновация жөніндегі орынбасары Г.Болпакова ұйымдастырды. Мақсаты:  «Әдістемелік карусель» атты (жоспарлау, оқыту, рефлексия және бағалау) өзара тәжірибе алмасу түрінде қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану бойынша оқыту вебинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спикерлер вебинар бағыттары бойынша ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салып отырды. Химия, информатика пәнінің мұғалімдері Шушпаева А.Ш., Кенжебай А.М., Канибекова Ж.К. «Сабақта CLIL әдіснамасының элементтерін тиімді қолдану» атты тақырыбында ой бөлісті. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Абишева «Тайм-менеджмент: Қашықтықтан оқыту жағдайындағы мұғалімнің уақытты басқаруы» тақырыбында әдістемелік көмек берді. Сертификатталған тренерлер Ж.Т.Нургалиева, С.М.Муханова, А.К.Амангельдинова «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы белсенді әдістер» жайында пікір алмасты. Тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Искакова «Теле-сабақтар» жобасының жұмысы аясында әріптестерімен ой бөлісті. Д.Акижанова «Microsoft Teams бағдарламасының мүмкіндіктері мен мұғалімдерге тиімділігін» сөз етті.  Вебинар соңында қорытынды мен кері байланыс жүзеге асырылып, «Алтын қадам» жастар қозғалысының мүшелері М.Нургалиев пен А.Ермекбаева  ұстаздарға арнап арнау оқыды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено