Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар.
12.02.20212021 жылы 12 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№72 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Осы күн аясында «Кезекші сынып оқушылары мен мектеп жұмысшыларының хлор сигналы бойынша іс-әрекеті» атты объектілік тренинг өткізілді: іс-шаралар барысында барлық оқушылар осы сигналға жауап берудің жақсы дағдыларын көрсетті. Спорт залында кезекші 11 сынып оқушылары арасында әскери эстафета өткізілді, онда оқушылар пулеметті жинау және бөлшектеу, кедергілерден өту және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Барлық іс-шаралар карантиндік санитарлық нормаларға сәйкес орындалды. 1-11 сыныптарда «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен онлайн-сынып сағаттары өткізілді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
