«Зерде» зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар
26.01.2021



«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ағымдағы жылдың қаңтар айының 12-13 күндері аралығында 1-7 сынып оқушылары арасына арналған «Зерде» зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсының өткізілген болатын.
Аталған байқауға оқушыларымыздан жекелеген секциялар бойынша 5 жоба жұмысы ұсынылды. Ұсынылған жұмыстың 4-і жүлделі орындарға ие болды. Бұл да білім бәйгесінде алға оза шапқан алғырлықтың айқын көрінісі.
Атап айтсақ: Бақыт Аружан, Ахмади Мүбарак 2 сынып оқушылары химия/биология секциясында жүлделі 3 орын, Жасарова Мерей 7 сынып оқушысы химия/биология секциясында 3 орын, Ахмади Раянна 1 сынып оқушысы химия/биология секциясында 3 орын, Сапарова Анель физика-техника секциясында жүлделі 2 орын, Дүйсебекова Аруна 5 сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиетінен қатысқаны үшін грамота алды. Білім бәйгесінде жүлделі орынға ие болған оқушыларды құттықтаймыз!!!Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
