ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

26.01.2021

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Отырысты Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович жүргізді және күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • 2020 жыл бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
  • 2020-2021 оқу жылы бойынша Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспары және Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің міндеттерін бөлу;
  • Жаңа оқу жылындағы заманауи кабинеттер мен мектеп аймақтарын таныстыру.

Аталмыш мәселелер аясында баяндама тыңдалып, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелеріне осы жоспар аясында атқарылатын міндеттері туралы да ескертіліп, әр іске жауапкершілікпен қарауға шақырылды. Отырыс аясында кеңес мүшелері тараптарынан оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыра түсу туралы, пандемия кезінде өз тараптарынан мектепті қолдау шараларын ұйымдастыру туралы, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру аясында жұмыстар жасау туралы пікірлер ортаға салынды. Барлық сұрақтар аясында пікірлесіп, қосымша ойлар айтылып, отырыс соңында оқу жылы бойы Қамқоршылық кеңесі отырысын тұрақты түрде өткізіп отыру, демеушілер тарту арқылы мектепте аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасы балаларына қосымша көмектер ұйымдастыру, Қамқоршылық кеңесі мүшелеріне жоспар бойынша жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен атқару, кеңес мүшелерінің барлық проблемалық мәселелер бойынша іс-шараларға міндетті қатысуы туралы қаулы қабылданды.

Отырыс соңы мектептегі заманауи кабинеттермен таныстырумен аяқталды. Бүгінгі отырысымыз пайдалы өтті деген ойдамыз.

           




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено