«Мұғалімдердің қарым-қатынасы-кәсіби шеберлік шыңы» атты вебинар өтті
24.01.2021 №74МГ, №57ОМ, №86МГ-ның жас мамандарына №74 мектеп-гимназия психологтары В.Курмашева мен Л.Таженова «Мұғалімдердің қарым-қатынасы-кәсіби шеберлік шыңы» атты вебинар өткізді.
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»- деп Елбасы атап көрсеткендей, вебинар мақсаты да осыны білдірді. Педагогикалық қарым-қатынас негізінде баланы дұрыс түсіну, ұжыммен тығыз байланыс орнату, жағдаяттарды бірге шеше білу, сыйластық орнату, тәжірибемен бөлісу, көмек пен қолдау көрсету – нағыз ұстаздың іскерлігі екендігі туралы қажетті мағлұматтар айтылды.
.jpeg)
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
