«ЭкоАсар - ізгілік істер марафоны» Республикалық жобасы

21.12.2020

Экологиялық ертегінің тақырыбын қамти отырып, «Театр» актерлік шеберханасы Оспанова Алмагүл Муталлаповнаның жетекшілігімен «Гринэйки» ертегісін шындыққа айналдыра білді, оның авторы бастауыш сынып мұғалімі Мукаев Аскар Бахтыгалеевич. Қойылым мектеп сахнасында екі тілде көрсетілді. Ертегі кейіпкерлері қайта өңдеуге болатын барлық нәрсені сары ыдысқа: қағаз, пластик, шыны, ескі сынған электр аспаптарына жіберу керек деп қызықты айтты. Сонымен бірге қоршаған ортаны тазарту, қалдықтарды сұрыптау және оларды қайта өңдеуге жіберу қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Үйінді қоқысты қалдырып, адамдар барлық тіршілік иелеріне қауіп төндіреді!
Мұндай қызықты тақырып көрерменге үлкен қойылым түрінде ұсынылды. Осы шара барысында біздің жас театр сүйер қауым үлкен экологиялық қозғалыстың белсенді қатысушылары болды!

   
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено