ХАБАРЛАНДЫРУ! «Білімділер бәйгесі» атты кітап оқу марафоны!!!

08.01.2021

Оқушылар арасында 11-20 қаңтар аралығында «Білімділер бәйгесі» атты кітап оқу марафоны өтеді. Оқу марафонының мақсаты: кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға шақыру. Мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі берілген, демалыс уақытында оқушыларымыз бір қадам болсын осы мақсатқа жетуге көмектесу.

5-6 сыныптар
Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
Оспанхан Әубәкіров «Сіз бен біз»
Әлдихан Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»
7-8 сыныптар
Ысқақ Қалихан «Қоңыр күз еді»
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
Адам Мекебаев «Жар жағалаған қыз»
9-10 сыныптар
Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
Сәбит Мұқанов «Мөлдір махаббат»
Оралхан Бөкей «Өз отыңды өшірме»

Лицей оқушыларын марафонға бір кісідей қатысуға шақырамыз. Шығарманы оқып болғаннан кейін 2 этаптан тұратын іріктеуден өтед. Бірінші этапта оқушылар шығармадан алған ой-сезімдері, әсерлері жайлы эссе жазып (электронды) марафон жетекшісіне жіберулері тиіс. Екінші кезеңге сәтті өткен оқушылар шығармадан үзінді оқып, видео жазба жібереді. Марафон соңында оқырмандар «Үздік эссе», «Үздік оқырман», «Ұшқыр ой» номинациялары және 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталады. Марафонның қорытындысы әлеуметтік желілерге жарияланады.
Марафон жетекшісі: Бейсенбаева Алтынай Оспановна
#8МЕКТЕПЛИЦЕЙ
#ОҚУҒА100КІТАП
#БілгірлерБәйгесі
#100КІТАПҚАБІРҚАДАМ

Нет описания фото.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено