Мектебімізде «Тәуелсіздік күні» мерекесі
15.12.2020
.jpg)
Мектебімізде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, 12 желтоқсан күні, сағат 11:00 де, 9-10 сынытар арасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты интелекті сайыс болды. Сыныптан тыс іс-шара ZOOM платформасымен болып өтті. Сыныптан тыс іс-шара: оқушылардың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы Тәуелсіздік идеялары мен Тұңғыш Президенттің рөлі, оның жаһандық халықаралық және ішкі саяси бастамаларын ілгерілету мақсатында өткізілді. Сайысқа әр сыныптан бір қатысушы, екі қолдаушы оқушы, барлығы 24 оқушы байланысқа шықты. Интелекті сайыста:
- Тәуелсіздік алу жолындағы атаулы хронологиялық сұрақтар;
- Ақмола-Астана-Нұр-сұлтан болып аталуы мен қалыптасу кезенінен сұрақтар;
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің ірге тасының берік болып қалануындағы ерліктері жайында оқушыларға сұрақтар қойылды.
Атаулы іс-шара өз мақсатына жетті, сұрақтарға оқушылар толықтай жауап беріп, өз көзқарастарын білдіріп жатты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
