Педагогтардың коронавирус пандемиясы кезіндегі психикалық денсаулығы

08.01.2021

Туған-туыстарға алаңдау, белгісіздік, қашықтан жұмыс жасау, шамадан тыс күш түсу, тұрақсыздық – коронавирусқа байланысты карантин кезіндегі барлық осы және басқа да факторлар эмоциялық күйіп кетуге де алып келуі ықтимал. Осы уақытта педагогтарға өздерінің психикалық денсаулығына көңіл бөлуі ерекше маңызды. 2021 жылдың 5-қаңтарында І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы педагог-психологтары А.Б.Ахметова, А.К.Жаманбаева педагог мамандар арасында кәсіби жанудың алдын алу және онымен күресе білу жолдарымен таныстыру мақсатында кәсіподақ ұйымымен бірлескен «Әдеп сағаты» аясында «Педагогтардың коронавирус пандемиясы кезіндегі психикалық денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг барысында мектеп психологтары диагностикалық сауалнама арқылы әр педагогтің өз стресс деңгейін анықтай отырып, кәсіби жану синдромы факторларына ықпал ете білу, оларды дер кезінде реттей алу, стресс деңгейін төмендету немесе күйіп кету дәрежесін азайту жолдарымен таныстырып, тәжірибелік бөлімде жаттығулар арқылы бекітті. Семинар өте тартымды өтті.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено