16 желтоқсан Қазақсан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты іс – шара болып өтті

03.12.2020

3 желтоқсан күні 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне, 16 желтоқсан Қазақсан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты іс – шара болып өтті.
«Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің үздік оқушылары, аудандық, қалалық жарыстарда, сайыстарда, олимпиадаларда мектебіміздің намысын абыроймен қорғап жүрген, спорт саласында белгілі бір жетістікке жеткен оқушылар қабылданды. Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны ZOOM бағдарламасы арқылы 2 рет (поток), сағат 11.00 бастауыш сынып оқушыларын «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиыны, сағат 12.30 5 – 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Момынов Мақсат Үмбетханұлы, мектеп тәлімгері Хамитова Фариза Әміржанқызы және мектептің өзін – өзі басқару ұйымының мүшелері, сынып жетекшілері, ата – аналар қатысты. Жиын мектеп директорының құттықтау сөзінен басталып, «Жас Ұлан» ұйымы туралы ақпарат берумен жалғасты. Жиын барысында 5 «А» сынып оқушысы Жиенбаева Хадиша, 5 «Б» сынып оқушысы Шаймерденов Русланға «Жас Ұлан» ұйымының салтанатты антын айту бұйырды. Жиын соңында «Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалды. Мектеп бойынша ұйымның қатарына 123 оқушы қабылдадық. Оның ішінде 40 оқушы «Жас Қыран» (2 – 4 сыныптар), 83 оқушы «Жас Ұлан» (5 – 6 сыныптар). Оқушыларға арнайы ұйымға қабылданғандарын растатйтын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Нұр – Сұлтан қалалық филиалының директорының қолы қойылған арнайы сертификат табысталды.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено