16 желтоқсан тәуелсіздік күні

15.12.2020

2021жыл "Тəуелсіздігімізге 30жыл" деп жарияланбақ.Ал осы жылға аяқ басар сəттегі Тəу етер қасиетті тəуелсіздігімізді  Нұрсұлтан қаласының Бауыржан Қапарұлы басшылық ететін 15 ші мектеп лицейі өз деңгейінде атап өтті. Тəуелсіздіктің қадірі мен қасиетін,Батырлары мен боздақтарын еске алып,балалар мен ата -аналарды жұмылдыра ұйымдастырып Отан мен туған жер,ерлік пен елдікті дəріптеп, ауқымды іс шаралар мен челлендждер, мектеп төрінде сыныптар арасында байқаулар дүрілдеп атап өтілді.  Осы үлкен еңбектің артында көзге көп түспесе де мектеп директоры Бауыржан Қапарұлының жігерлі тапсырмасы жəне өз ұжымын жұмылдыра ұйымдастыру қабілеті айқын байқалып келеді. Осы ұжымды атап айтар болсақ директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ғалия Молдатайқызы,Жанар Серікқызының уақытылы тиянақты еңбектері еленуі тиіс. Ұрпақ тəрбиесі - ол біздің ертең болашаққа үлкен нық сеніммен сеніп барар жолымыздан көрініс алады.Осы борышымызды абыроймен ,үлкен жауапкершілікпен атқарып келген ұстаздар ұжымына ата аналар атынан үлкен алғысымызды білдіремін.Мемлекетіміздің қасиетті мерекесі құтты құтты болсын ауялы ұстаздар. Балаларымызға ұлкен патриоттық рухта тəлім тəрбие беріп ауқымды іс шаралар ұйымдастырып жəне сыныптарда да тəрбие сағаттарын ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Сынып жетекшілеріне де алғыс білдіреміз,4а сынып жетекшісі Гүлнар Мұратбекқызына.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено