Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№83 мектеп-гимназия» КММ «Үздік ұжым» кубогына ие болды.
03.12.2020Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: І кезең: 2020 жылдың 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығы, ІІ кезең: 2020 жылдың 23 қазан мен 2 қараша аралығында өтті. Қорытындысы 2020 жылдың 5 қараша күні анықталды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Олимпиаданың Ережесі бойынша бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға «Үздік ұжым» кубогы берілетіні хабарланды. Мектеп директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Қ.Б.Ботабекованың ұйымдастыруымен аталған Республикалық педагогикалық олимпиадаға мектептен 100-ден астам мұғалім қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№83 мектеп-гимназия» КММ «Үздік ұжым» кубогына ие болды.
Мұғалімдер өз кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, педагогикалық ұжымның кәсіби мәдениеті мен құзыреттілігі заманауи талаптарға сай екендігінің дәлелі болды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
