«Қыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында қашықтан түсіндірме жұмыстары өтті
25.11.2020 2020 жылдың 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы «№74 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-да «Қыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Төтенше жағдай басқармасының қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Дағалбай Мадат Мұсаұлы 2-11 сынып аралығындағы оқушылармен Microsoft Teams платформасы арқылы түсіндірме жұмыстары өтті. Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Мадат оқушыларға қыс кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары туралы толықтай айтып беріп, қатты бұрқасын, қар жауу және көктайғақ жағдайында не істеу керек және үсуді қалай болдырмау керектігін түсіндіріп берді.
Түсіндірме жұмыстарының тақырыбын ашу және оқыту барысында оқушылардың неғұрлым жақсы қабылдауы үшін слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді. Басты назар мұзда өзін қалай ұстау керектігіне және ондағы балалар ойынының қауіптілігіне жасалды. Кездесу барысында оқушылар белсендік танытып, бірнеше сауалдарын қойды, сұрақтарына толық әрі нақты жауап берілді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено