"Эко! Клоундар!" іс-шарасы онлайн форматта өтті
24.09.2020 Бүгін 24 қыркүйек күні "ЭкоАсар" қоғамдық бастамасының ұйымдастыруымен "Эко! Клоундар!" іс-шарасы онлайн форматта өтті. Іс-шара мақсаты бастауыш сынып оқушыларына табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау керек екенін түсіндіру. Атаулы іс-шараға барлық 1 "А", "Ә", "Б"," В", "Г"," Д", "Е"," Ж", "З"," И" сыныптары қатысты. Мектеп белсенділерінің қатысуымен өткен 20 минуттық іс-шарада табиғатты қорғауға байланысты ойындар ойнатылып, эко-сағат өткізілді. Табиғатты аялау біздің парызымыз!

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
