«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»
01.10.2020Құрметті ұстаздар! Нұр-Сұлтан қаласы, С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия ұжымы барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтайды. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
