БІРЫҢҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

17.09.2020

17 қыркүйек күні мектеп ата-аналарымен БІРЫҢҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ болып өтті. Жиналысқа 463 ата-ана қатысып, өзара пікір алмасты.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?

Ата-аналар жиналысының мақсаты: Қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру

         Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қарала келе, баланы өздігінен жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болатындығы жайында нақты ақпарат берілді.

         Ата-аналардың басты мақсаты – балаға жауапкершілікті түсінуге көмектесу және қашықтан оқу дағдыларын меңгеру үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігі тілге тиек етілді. Слайдтағы әр қадамға тоқтала отырып, оқуға ыңғайлы жағдай жасау керектігі, егер бала компьютерді жақсы білсе, онлайн байланысты қиындықсыз орната алса, оған көбірек еркіндік берілуі керек, бұл оның бойындағы өзін-өзі ұйымдастырудың күтпеген қасиеттерін ашуы мүмкін. Сондай-ақ, мұғалімнің кері байланысы білімді игерудің маңызды факторы болып табылады. Бала өзінің ілгерілеуін көріп, қатемен жұмыс жасау арқылы табысты оқуға қол жеткізеді. Ата-аналар оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстармен, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаумен, білім алушыларға арналған тапсырмалардың болжалды көлемімен хабардар етілді.

         Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары З.Ш.Атантаева ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жиналыс соңында ата-аналар қашықтан оқыту форматында жұмыс істеп жатқан мұғалімдерге алғыстарын білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено